ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 95
(1-151)

Сондай-ақ‚ дүниенi ақыреттiң егiндiгi деп сүюдiң нәтижесi: дүниенi көшетхана‚ яғни тек көшеттердi белгiлi дәрежеге дейiн өсiретiн шағын бiр бақшасы ретiнде болатын мұншама Жәннатты беретiнi сондай‚ дүниеде адамның сезiмдерi мен мүшелерi кiшкене көшеттер iспеттi болып‚ Жәннатта өте керемет түрде дамиды. Әрi дүниеде тұқым тәрiздi болған қабiлеттiлiктер ләззаттың алуан қилысымен‚ кемелдiктiң түрлерiмен өнiп-өсетiндей кейiпте адамға берiледi. Бұл Аллаhтың рақымдылығы мен хикметiнiң талабы‚ әрi Хадистiң айқындауымен және Құранның ишаратымен бекiтiлген ақиқат.

Сондай-ақ‚ ондай махаббат барлық қателiктiң басы болған нашар дүниеқоңыздық емес‚ қайта есiмдерге және ақыретке қараған екi жүзiн есiмдер мен ақырет үшiн сүйген болса‚ әрi ойша құлшылықпен осы екi жүзiн ретке келтiрiп, бейне бiр бүкiл дүниесiмен қосылып құлшылық еткен болса‚ әлбетте‚ дүниенiң үлкендiгiндей бiр сый-сыяпат алуын Аллаhтың мейiрiмi мен хикметi талап етедi. Сондай-ақ‚ егер ақырет үшiн‚ оның егiндiгi деп сүйсе және Жәнабы Хақ үшiн‚ оның есiмдерiнiң айнасы деп дүниенi сүйген болса‚ әлбетте, дүние сияқты бiр сүйiктiнiң болуын қалайды. Ол да - дүние сияқты кең Жәннат.

Сұрақ: Мұншама үлкен‚ әрi ұшы-қиырсыз кең Жәннаттың керегi қанша?

Дыбыс жоқ