ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 110
(1-151)

Сондай-ақ, мен мына қойындасып және құштар болып, сүйген дүние де құрып бiтетiнiн, жалған қайырсыз екенiн шорт кесiмдi түрде анық түсiндiм. Әрi қойнауын-дағы жаратындылар да айдан анық бiрiнен соң бiрi топ-тобымен көшiп жатады және жоғалып кетедi. Әсiресе мен сияқты жүгенсiз нәпсiге ие адамдарға бұл дүние тым опасыз, өте алдамшы. Бiр ләззат сыйласа, мың қасiретке ұшыратады, шектiредi. Бiр жүзiм жегiзсе, соңынан жүз шапалақ жегiзедi.

Уа, Раббы Рахимым және Халиқы Кәримiм!

сыры бойынша, мен жақында кебiнiме

оранып, табытыма жатып, достарыммен қоштасқанымды қазiр-ақ көрiп тұрмын. Көрiме қарай кетiп бара жатқанда, Сенiң Рақымдылық құзырыңа мәйiтiмнiң жансыз тiлiмен және рухымның жанды тiлiмен қатты айқайлап: “Медет бере көр! Медет! Медет! Я Хәннан!105 Я Мәннан!106 Менi күнәларымның масқаралығынан құтқар!” деймiн.

Мiне, қабiрiмнiң басына да келiп қалдым, мойнында кебiнi оралған күйi қабiрдiң жанында сұлап жатқан денемнiң үстiнде тұрып, басымды Рақымдылық құзырыңа қаратып, бар даусыммен күйiне жылап, жалбарынамын: “Медет бере көр! Медет! Медет! Я Хәннан! Я Мәннан! Менi күнәларымның ауыртпалықтарынан құтқар....!”

Дыбыс жоқ