(Емирдағы қосымша хаттарынан)
Қадiрлi, адал да шыншыл бауырларым!
... Бiрiншiсi: Рисале-и Нұрға жаратылысынан, әрi замананың жағдайына қарай шәкiрт болатындар - ең әуелi бейкүнә балалар. Өйткенi кiшкентай бiр бала жастайынан иманның күштi тәлiм-тәрбиесiн алмаса, кейiн өскенде қатты қиналып жүрiп, Ислам мен Иман негiздерiн әрең дегенде көкiрегiне тоқуы мүмкiн.Бейне бiр мұсылман емес бiреудiң Исламды қабыл еткенiндей дәрежеде қиналып, жатсынып бөтенсiнедi. Әсiресе ата-анасын дiндар деп бiлмесе, әрi тек қана дүниелiк ғылымдармен шұғылданып, ақыл-ойы солай тәрбиеленсе, жатырқаушылық сезiмiн анағұрлым арттырады. Мұндай жағдайда ол бала дүниеде ата-анасын құрметтеудiң орнына оларды ауырсынып,
тезiрек өлулерiн қалап, ата-анасының басына бәле боп жабысады. Ақыретте де оларға шапағатшы емес, қайта үстiнен шағымшы болады, яғни “нелiктен Ислами тәрбие берiп, иманымды құтқармадың?” деп.
Сонымен осы ақиқатқа негiздеп айтар болсақ, ең бақытты балалар - Рисале-и Нұр қойнауына кiрiп, дүниеде ата-анасын құрмет тұтып, оларға қызмет етiп, iзгi амалдарымен қайтыс болған соң олардың амал дәптерiне сауап жаздырып, ақыретте де дәрежесiне қарай оларға шапағат етiп, бақытты жандар атанады.