ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 115
(1-151)

Мұсылмандардың бақытты күндер көруiне себепшi болдыңыз. Осының арқасында дiни егемендiгiмiз бен бостандығымызға жеттiк. Рисале-и Нұр баспалардан көптен-көп шыға бастады. Бiз әйелдер бұған қатты қуандық. Нұрларымыздың басылғанын көргенде, дүниеге жаңадан келгендей қуанышымыз қойнымызға сыймай шаттандық. Мұның орнына бiзге алтынмен әрленген мыңдаған моншақтар, алтындар,алмастар берiп, жiбек пен атластан киiмдер таратса да, бiздi мұншама қуандыра алмас едi. Рисале-и Нұрды бастыру - дiнге,иманға ең бiрiншi және ең үлкен қызмет болып табылады.

Құрметтi ұстазымыз!

Дiн мен иманға деген ғашықтықпен, мұсылмандыққа құштарланумен бақытқа жете алатын бiздей аналар, қазiр сәбилерiмiзге Құран Кәрiмдi үйретудемiз. Рисале-и Нұр оқытудамыз. Рисале-и Нұрдың иман және Ислами дәрiстерiмен тәрбиелеуге қолымыздан келгенше тырысудамыз. йлерiмiз бiр Нұр медресесiне айналуда, Әлхамду лилләh. Егерде балаларымызға Рисале-и Нұр оқытпасақ, бұл заманның құрдымға апарар қатерлерiне ұшырап, жат қылықтарға дағдыланып, жамандыққа үйiр болады. Бiздiң басымызға бәле боп жабысып, дертке шалдықтырады. Ақыретте де “нелiктен иманымды құтқармадың?” деп ата-анасының үстiнен шағым айтады. Сондықтан сүйкiмдi сәбилерiмiздiң Рисале-и Нұрға деген ынта-ықыласын оятудамыз. Әйел затының баласына деген мейiрбандығы анағұрлым артық.

Дыбыс жоқ