Рисале-и Нұрдың екiншi дәрежедегi шәкiрттерiне келер болсақ, табиғатынан Рисале-и Нұрға мұқтаж және бiршама дүниеден үрiккен немесе бұл жалғанға ренжiген әйелдер болып табылады. Әсiресе бiраз қартайған болса, Рисале-и Нұр оларға нағыз рухани азық. Өйткенi Рисале-и Нұрдың төрт негiзiнiң бiреуi - мейiрбандық. Ол да Рахим есiмiне бөлену арқылы келген. Әйелдердiң де ең ұлы сезiмдерi және табиғи мiндеттерiнiң iрге тасы - мейiрбандық...
Қадiрлi, бейкүнә балаларым!
Құранды оқып үйрену үшiн сабақ алып жүрген екенсiңдер. Сендер бiлетiн жаңа әрiптерде кемшiлiктер болғандықтан мүмкiндiк болғанша жаңа әрiптермен оқымау керек.
Сондай-ақ, Құранды оқудың пайдасы тек қана қары болып, дүниеде онымен бiр атаққа көтерiлiп, ақы алу емес... Қайта оның әрбiр әрпi ең болмағанда он сауаптан бастап сонау жүзге, мыңға дейiн Жәннат жемiстерi мен ақыреттегi пайдаларды беруiн ойлап, оны мәңгi өмiрдiң рақаты мен бақытына жету ниетiмен оқу керек.
Иә, мектептерде дүниенiң мал-мүлкi немесе атақ-даңқы үшiн бiлiм алу - мына қысқаша дүние тiршiлiгiнде мәртебесi мен пайдасы бiреу-ақ. Ал Құранның мәңгi өмiрде, әрi оның қасиеттi сөздерiн, нұрлы және иманға қатысты мағыналарын үйрену - мыңдаған есе қымбатты. Әлгiлер шиша сияқты, бұл болса алмас сияқты.