ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 109
(1-151)

Сонымен он үш жыл (сiлтеме)1 бұрын өмiрдiң алай-түлей соққан дауылдарының нәтижесiнде, Ескi Саидтың күлкiлерi Жаңа Саидтың көз жасына айналғалы тұрған кезеңде, жастық шақтың алаңсыз ұйқысынан кәрiлiктiң таңында оянған шағымда осы өтiнiш пен тiлек арабша жазылған болатын. Бiрсыпырасының түрiкше мағынасы мынадай: (сiлтеме2)

Уа, Раббы Рахимым және Халиқы Кәримiм! Менiң өмiрiм жөн-жосықсыз және жастық шағым босқа өттi де кеттi. Сол өмiрiм мен жастық шағымның жемiстерiнен қолымда жан күйдiретiн күнәлары мен масқара ететiн қасiреттерi, құрдымға апарар шырмалған күмәндары қалған. Сондай-ақ, қайғы бұлтын үстiме төндiрген күйде, жаралы жүрегiммен, оты шыққан бетiммен қабiрге жақындап келемiн. Өз көзiммен көре отырып қатты жылдамдықпен оң мен солға бұрылмай, көз жұмған сүйiктiлерiм мен туысқандарым, бауырларым сияқты

(сiлтеме1)- жазылған жылы бойынша қалған.

(сiлтеме2)-қазақша мағынасы жазылды, бiрақ негiзгi түпнұсқасы түрiк тiлiнде.

ерiксiз түрде қабiр есiгiне таяп келемiн. Ол қабiр - бұл пәни жалғаннан мәңгi айрылу арқылы мәңгi Жәннат жолында салынып, ашылған ең бiрiншi орын және алғашқы есiк.

Дыбыс жоқ