Жаттап алғандарын әр ұш айда қайталап отыратын. Кейiн осы еске сақтап, жаттап алған кiтаптары туралы Бәдиұззаман Саид Нұрси былай дейтiн: “Құдайға шұкiр, бауырларым. Осы алған бiлiмiм арқылы Құранның ғарышына шықтым, яғни шын мағынасын, әрi тылсым құпиясын тұсiнуiме көмектестi. Сол кезде Құранның әр бiр аятының бұкiл әлемдi қамтып тұрғанын көрдiм. Әрi қарай Құран мен ұшiн бiлiмнiң қайнар-бұлағы болды да, басқалай бiлiм бұлағының қажетi болған емес.”
Жасы он алтылар шамасына жеткенде Ван қаласында тұрып, әр тұрлi ғылымдармен бiрге математика, география, химия, физика, тарих сияқты өте көп пәндермен шұғылданды. Сонымен бiрге кұнделiктi шығатын баспа жаңалықтарын бос жiбермейтiн, әрине, сондықтан да бұкiл Ислам әлемiндегi жағдайлармен толық хабардар болатын.
Бiрде Ван қаласының әкiмi оған газеттен мынадай бiр қорқынышты мақала оқып бердi: Ұлыбританияның отар елдер жөнiндегi министрi Гладистон былай дептi,-“...бұл Құран, мұсылмандардың қолында тұрғанда, бiз олардың шын мәнiндегi билеушiсi бола алмаймыз. Не Құранды жою керек, не мұсылмандарды Құраннан айыру керек.” Әкiмге Саид Нұрси: “мен Құранның сөнбес және сөндiрiлмес бiр нұр екенiн әлемге көрсетемiн, әрi дәлелдеп беремiн,” деп жауап бердi және iске кiрiстi.