ЖЕМIСТЕP PИСАЛАСЫ | ЖЕМIСТЕP PИСАЛАСЫ | 154
(1-174)

Жаңа ұкiметпен келiсе алмаған ол,Ван қаласына қайтып келдi. Бiрақ мұнда тұрақтай алмады. Ислам дiнiнiң қас-жауларының жасырын, сатқындық әрекеттерiнiң нәтижесiнде оны Ыспарта қаласының Барла аулына жер аударды.Бәдиұззаман Саид Нұрси еңбектерiнiң негiзiн осы кезеңнен бастады. Барлық адамзатты, әсiресе мұсылман қауымын адасушылықтан, атеизмнiң құрдымға апарар терiс ықпалынан арашалау мақсатымен “Рисале-и Нұр“ атты кiтаптарын жаза бастады. Осыдан кейiн-ақ бұкiл әлем Құран сәулесiнiң шапағымен нұрлана тұстi. Өз еңбектерiнде Құранның Аллаhқа иман жайында айтылған кұрделi де терең мағыналы аяттарына тұсiнiктеме әрi талдау жасап, адамзатқа ғасырлар бойы әлi де болса толық ашылмаған аяттарының тылсым қасиеттерiн, жұмбақ құпия-сырларын ашып, жаңа ғана терiлген гұл шоқтарындай ұсынды. Жеңiл, әрi ұғымды тiлмен Жаратушының бар екенiн және бiрлiгiн, пайғамбарымыз Мұхаммед( С.Ғ.У.)-нiң пайғамбарлығын, елшi екенiн және адамзат баласын жаратудағы Аллаhтың мақсатын, өлiмнен кейiн мәңгi өмiрдiң келетiнiн,мән-мағынасын және Құран - Аллаhтың сөзi, ақиқат-шындық кiтабы екенiн анық, кесiмдi тұрде дәлелдеп бердi және басқа да мыңдаған сауалдарға жауап таба бiлдi.

Оның бұгiнгi таңда “Сөздер”, “Мектубат”, “Лемалар”89, “Шұғалар”, “Асаи Мұса”, “Месневи Нурия”,“Ишаратул-Ижаз” сияқты т. б. кiтаптарын қосқанда барлығы алты мың парақты қамтитын шығармалары бар. Бұл еңбектерiн жиырма сегiз жылдай уақыт iшiнде Барла , Ыспарта, Ескiшәхар, Кастамону, Денизли, Афьен, Емирдағы және де басқа елдi мекендерде басының бостандығы болмаса да, айдауда және қамауда жұрiп жазды.

Дыбыс жоқ