Басқа өсиеттерiнде Рисале-и Нұр шығармалары Құранның терең мағыналы да ғажайып тәфсирi, әсiресе келешек ХХI-ғасырдың шам-шырағы болып, тура жолға бастайтынын баяндайды. Осылайша өзi қайтыс болғаннан кейiн Құран ақиқаттарының мағыналы, ғылыми және туралыққа бастайтын дәрiстерi Рисале-и Нұр шығармалары арқылы жалғасатынын сұйiндiре хабар бередi. Солардың бiрi төмендегiдей:
“Рисале-и Нұрдың әрбiр кiтабы - бiр-бiр Саид. Сiз қайсыбiр кiтапқа қарасаңыз да менiмен көрiскеннен, тiлдескеннен он есе артық пайда табасыз, әрi шынайы тұрде көрiскен боласыз. Ал мен, Аллаh ұшiн менiмен көрiскiсi келген жандарды көрiсе алмағандары ұшiн кұнде таңертең оқығандарыма, жасаған дұғаларыма қосып отыруға, әрi әрдайым жалғастыра беруге сөз беремiн. Рисале-и Нұр менiң орнымда; ол маған ешқандай мұқтаждық туғызбайды. Әрi қарай айтудың керегi де қалмады.....” Рас, оның осылай ақиқатты баяндауы, айтқандай-ақ дәл солай болды және болуда. Әрi мағыналы Бәдиұззаман ұнемi жұмыс басында иман қызметiн толық атқаруда.
Аудармашыдан
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى