Бәдиұззаман Саид Нұрси Урфа қаласында, 1960-жылы наурыздың 23-кұнi, Рамазан айы кезiнде бұл пәни жалғаннан өттi.
Осыдан кейiн де оның барлық шығармаларының жинағы халықтар арасына кеңiнен тарап, тамырлана тұстi. Иманын сақтап қалу жолында Тұркияда және басқа да көптеген шет мемлекеттер iшiнен Саид Нұрсидың миллиондаған iзбасарлары шығып, оның еңбектерiн аса құмарлықпен оқуда, шөлдеген рухын сусындатуда және жан-жаққа таратуда.
Рисале-и Нұрдың дәрiс ретiнде оқылуы, тәлiмi жайында Ұстазымыз Бәдиұззаманның көптеген өсиет сөздерi бар. Бiр кiтабында былай дейдi:
“....Ия, мен тұсiндiм. Қазiр ойлап отырсам, бұрыннан берi лайық болмасам да маған берiлген “Бәдиұззаман” лақабы менiкi емес, қайта ол Рисале-и Нұрдың терең мағыналы есiмi болатын. Бұл есiм оның аудармашысына уақытша және аманатқа берiлген едi. Ендi, мiне ол уақытша аманат есiм нағыз иесiне қайтарылды....” Яғни ол Рисале-и Нұр шығармаларының мағыналы Бәдиұззаман (заманының таңғажайып, таңданарлық, теңдесi жоқ шығармасы) болғанын, мағыналы мәңгi Бәдиұззаман болып жалғаса беретiнiн осылай айтқан едi.