Осыдан соң ол Османлы Империясының астанасы Ыстамбұлдағы ұлкен бiр қонақ ұйге орналасып, есiгiне “Мұнда кұрделi мәселелер жөнiнде барлық сұрақтарға жауап берiледi, сондай-ақ ешкiмге ешқандай сұрақ қойылмайды,” деп жазылған жарнама iлдi. Оған дiн мамандары, саясат өкiлдерi, баспа қызметкерлерi және т.б.өздерiне қажет мәселе жөнiнде көптеген ғалымдар тарапынан сұрақтар қойылып, көпшiлiк келе бастады. Барлық сұрақтары мен мәселелерiне қанағаттанарлық жауап алған ғұламалар оған: “таңданарлық, заманы-мыздың ғажайып адамы”- дегендi бiлдiретiн “Бәдиұззаман”- деген есiм бердi.
1919-жылы Ыстамбұл қаласын ағылшындар басып алғаннан кейiн Бәдиұззаман Саид Нұрси ағылшындардың саясатын, ұгiт-насихатын әшкерелейтiн шағын кiтапша жазып шығарды.
Бұл батылдыққа жауап ретiнде жаңа өкiмет Бәдиұззаман Саид Нұрсиды жаңа астана - Анкараға шақырды. Парламент мәжiлiсiнде сөз сөйлеген ол, сол жерде ғибадат және бес уақыт намаз жайында ұгiт қағаздарын таратты.
Үкiмет басшысы Мұстафа Кемалға бұл iс ұнамай, қатты ренiш бiлдiре: “сенi бұл жерге жоғарғы ой-пiкiрлерiңдi баянда деп шақырдық. Сен келдiң, намаз туралы айтып арамызды ажыраттың“-дейдi. Оған Саид Нұрси: “паша, паша! Бұкiл әлемдегi ең ұлы ақиқат - иман, иманнан кейiн намаз. Намаз оқымаған адам қиянат жасаған болады, қиянатшылдың сөзi болса, тыңдалмас“-дейдi